Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Осы арқылы «Электрондық үкімет порталының» «Ашық Үкімет», «Ашық НҚА» бөлімдерінде жария талқылау үшін «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасы жарияланғанын хабарлаймыз.

Бұйрық жобасымен жаңа Салық кодексінде көрсетілген көздерге ұқсас шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасын айқындау мақсатында KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнайдың баға белгілеулері туралы бірыңғай ақпарат көздерін белгілеу көзделеді.

Барлық мүдделі тараптар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын 2026 жылдың 5 ақпанынан 2026 жылдың 20 ақпанына дейін талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15757223