Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымымен (ӨКҚЕҰ) ынтымақтастықты жандандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл құрылым Қазақстан стандарттарын 2010 жылдан бастап басшылыққа алатын Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның (ӨКҚХК) өңірлік бөлімшесі болып табылады.
ӨКҚЕҰ -мен өзара іс-қимыл ақпарат және тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шараларға қатысу арқылы фитосанитариялық қауіпсіздік саласында сараптамалық және ғылыми-әдістемелік әлеуетті дамытуға ықпал етеді.
ЕЭК және ӨКҚЕҰ 2017-2020 жылдар аралығында Ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырып, оның шеңберінде ЕАЭО елдерінің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық ұйымдардың қатысуымен тренингтер, семинарлар және практикалық іс-шаралар өткізілгендігін атап өткен жөн.
Алдыңғы бағдарламаның оң нәтижелерін ескере отырып, тараптар фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ағымдағы басымдықтар мен міндеттерге сәйкес келетін ынтымақтастықтың жаңа, өзекті бағдарламасын әзірлеу туралы уағдаласты.
Өзара іс-қимылдың өзектендірілген бағдарламасының жобасы ӨКҚХК ережелерін ескере отырып, фитосанитариялық шаралардың ғылыми негіздемесі мәселелері бойынша ақпарат алмасуды, нақты фитосанитариялық талаптарды талқылауды және олардың халықаралық саудаға әсерін, сондай-ақ саудадағы әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін шешімдерді іздеуді көздейді.
Бүгінгі таңда құжат жобасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қарауында.
Жоғары фитосанитариялық стандарттарды сақтау егіннің қауіпсіздігіне, халықаралық әріптестер тарапынан сенімділікті арттыруға және елдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге тікелей ықпал ететінін ескере отырып, ӨКҚЕҰ-мен өзара іс-қимыл Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қорғау, жаңа нарықтарға шығу және экспорттық әлеуетті нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.