Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ

Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ

2025 жылдың 11 маусымында «EXPOGOODS CENTRAL ASIA»  бірінші Халықаралық Экспо-форумы аясында Халықаралық көрме орталығы «EXPO»-да «Retail NEXT Central Asia: сауда және FMCG болашағы» тақырыбында алғашқы «Astana International Trade Forum» өтеді. Бұл маңызды шара Орталық Азия елдеріндегі бөлшек сауда мен FMCG сегментінің болашағына арналады. Форумда жетекші сарапшылар, топ-менеджерлер, сауда желілері мен дистрибьюторлар, өндірушілер мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналып, өңірдегі сауда саласының даму үрдістерін, сын-қатерлерді және стратегиялық бағыттарды талқылайды.

Айтулы шараны  Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ашып, мазмұнды іскерлік бағдарлама ұсынылып, пленарлық отырыс өтеді.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар, бизнес пен халықаралық сарапшылардың қатысуымен панельдік пікірталастар мен CEO Talks сессиялары жоспарланған. Қатысушылар халықаралық сауда, логистика, цифрлық ритейл, маркетплейстер, жергілікті брендтермен жұмыс істеу, сауданы цифрландыру және FMCG секторындағы орнықты даму мәселелерін талқылайды.

«CEO Talks: Бөлшек сауда көшбасшылары – 2025 жылға бағыт» атты ашық пікірталас форматындағы сессияда бөлшек компаниялардың иелері мен топ-менеджерлері өз саласының стратегиялық дамуы жайында  пікір алмасады. Онда тұтынушылық мінез-құлықтың қалай өзгеретіні, 2025 жылда қандай технологиялар шешуші болатыны және тұрақсыз жағдайда тұрақты бизнесті қалай құру керектігі талқыланады.

«Marketplace Dynamics: Гипербәсекелестік жағдайында цифрлық сөрелермен жұмыс істеу» сессиясы маркетплейстердегі жұмыс ерекшеліктеріне арналады. Тауар карталарын оңтайландырудан бастап платформалардың алгоритмдерімен өзара іс-қимылға дейін даму барысы талқыланады. Қатысушылар брендтің жүздеген бәсекелестің арасынан қалай ерекшеленуіне, өнімге сенімділік қалыптастыруға және үнемі өзгеріп отыратын баға мен жарнама жағдайында сатылымды ұлғайтуға қатысты тәжірибемен бөліседі.

Форумның ең қолданбалы сессияларының бірі «Retail Access 2025». Онда көшбасшылыққа дейін жету барысы талқыланады. Мұнда жергілікті өндірушілерді толғандыратын сұрақтарға жауап беріледі. Ірі сауда желісіне қалай кіруге болады, ритейлдің талаптарына қалай сай болу керек, сөрелерде өз орныңды қалай сақтап қалуға болады, өңірлік не халықаралық деңгейге шығу жолы қандай? –деген сұрақтарға жауап таба алады. Сонымен қатар «Болашақтың ритейл-серіктестігі» форматы да талқыланады.

«Алдын ала әрекет ететін инфрақұрылым: бір сағатта жеткізу дәуіріндегі логистика мен фулфилмент» атты сессия логистика мен фулфилментті цифрландыруға арналады. Қатысушылар логистикалық тізбектердің бір сағат ішінде жеткізу дәуірінде қалай өзгеріп жатқанын, компаниялар сұраныстың өсуіне алдын ала қалай дайындалуы керек екенін және неге логистика өсудің стратегиялық драйверіне айналып отырғанын да талқылайды.

Astana International Trade Forum – бұл тәжірибе алмасу, іскерлік кездесулер, мемлекет пен бизнес арасындағы стратегиялық диалог үшін практикалық алаң болмақ. Форумды ұйымдастырушылары іс-шара тек өзекті мәселелерді талқылауға емес, сонымен бірге бүгіннен бастап қолдануға болатын нақты шешімдерді ұсынуға бағытталғанын атап өтеді.

Форумды  ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі және «Майер Экспо Азия» ЖШС.

Қосымша ақпарат форум сайтында қолжетімді: https://expogoods.kz/kz/astana-international-trade-forum

 

Аккредитация үшін байланыс:

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Халықаралық көрме орталығы «EXPO», Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1

БАҚ өкілдерін Astana International Trade Forum-ға (2025 жылғы 11 маусым) аккредитациялау үшін  +7 701 777 6917  Ляззат Сағындықова (10.06.2025, сағат 18:00-ге дейін) хабарласуға болады.

E-mail: press.service891@gmail.com