2025 жылғы 3 сәуірде Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырған брифинг өтті. Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары С.Сайдалин қатысып, бақ және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерін заңнамадағы маңызды өзгерістер туралы хабардар етті.
Брифингте қаралған басты мәселелердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер болды.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 13 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін реттейтін 204-4-бапқа қатысты өзгерістер күшіне енді. Бұрын мұндай тауарларға заңнамада белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін бұзғаны үшін ескерту қолданылған. Енді бұл бұзушылық үшін айыппұл салынады: жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 35 АЕК және ірі кәсіпорындар үшін 150 АЕК.
Сондай-ақ, өзгерістер ӘҚБтК-нің 190-бабына қатысты болды, онда сатушылардың, өндірушілердің және орындаушылардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы сақтау бөлігіндегі міндеттері нақтыланады. Атап айтқанда, ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру, тұтынушылардың талаптарына уақтылы жауап беру, сондай-ақ тауарларды қайтаруды немесе айырбастауды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жаңа айыппұлдар көзделген.
2025 жылдың 15 наурызынан бастап осы міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар:
Департамент кәсіпкерлер мен тұтынушыларға жаңалықтармен танысуға кеңес береді.
Департаменттің Байланыс ақпараты: телефон: 8(716-2) 50-29-89
Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 117, каб.№ 6, 25.