Алматыда жалпы Республикалық "Халық заңгері" акциясы ұйымдастырылды

Алматыда жалпы Республикалық "Халық заңгері" акциясы ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті "Caspian University" алаңында азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттыруға және заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған "Халық заңгері" кең ауқымды құқықтық акциясына қатысты.

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

Аталған акцияға белгілі адвокаттар, маманданған үздік заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары – қала аудандарының әкімдері, қала департаменттері мен басқармаларының, оның ішінде құқық қорғау және сот органдарымен, сонымен қатар, құқықтың әртүрлі салалары-қылмыстық, азаматтық, жер, тұрғын үй, еңбек, банк,  жер, салық, отбасылық-неке, салалары бойынша қатысты заңгерлер кеңес беріп, ал мемлекеттік органдар осы акцияға қатысқан азаматтарды қабылдаған болатын.

Іс шара барысында департамент қызметкерлері акцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сауда қызметін реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының соңғы өзгерістері  туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Халық заңгері" құқықтық акциясының жұмысы жыл сайын оңтүстік астананың азаматтары үшін өткізіледі.