Алматыда СИМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Алматыда СИМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Салауатты өмір салты мен спорт біртұтас. Спорт әрқашан белсенді өмір салтын ұстанатын және спортқа деген құрметті оятатындар үшін тренд болды және болып табылады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық бөлімшелері арасында Алматы қаласында волейболдан турнир өтті.

Волейбол тек дене дайындығын, тәртіпті ғана емес, сонымен бірге топта әрекет ету қабілетін дамытады. Ал бұл кейінірек өмірде қажет болатын ерекше қасиет.

Шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ ұжымдық рухты нығайту арқылы елімізде бұқаралық спортты дамыту.

Жарысқа Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология департаменті, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының құрама командалары қатысты.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Мұндай іс-шаралар ұжымдардағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға және моральдық-психологиялық климатты  жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз.