Қазақстанда онлайн сауда қарқынды дамып келеді — бүгінгі таңда әр екінші сатып алу интернет арқылы жасалады. Бірақ ыңғайлылықпен қатар қауіп те бар: сапасыз тауар, жалған ақпарат, кешіктірілген жеткізу. Осындай жағдайда тұтынушы өз құқығын қалай қорғай алады?
Міне, онлайн сатып алушылар білуге тиіс негізгі құқықтар
Сатушы сайтта тауардың құрамын, бренді мен өндірілген елін, өлшемін және бағасын нақты көрсетуге міндетті.
Мысал: сіз курткаға тапсырыс бердіңіз — сайтта бұл деректер толық болмаса, ол заң бұзушылық болып саналады.
Мысал: тапсырыс берген құлаққап жұмыс істемейді. Бұл жағдайда сіз ақшаны қайтарып алуға немесе сапалы тауарға ауыстыруға толық құқылысыз.
Сатып алған тауар ұнамай қалды ма? Егер тауар пайдаланылмаған және қаптамасы бүлінбеген болса — 14 күн ішінде қайтаруға болады.
Ескерту: іш киім, азық-түлік, косметика және жеке гигиена тауарлары қайтаруға жатпайды.
Мысал: сатушы тапсырысты 3 күнде жеткіземіз деді, бірақ апта өтті — сіз тапсырысты болдырмауға және ақшаңызды қайтарып алуға құқылысыз.
Сатушы уәде етілген мерзімді бұзса — бұл да заң бұзушылық.
Алдымен сатушыға ресми шағым жазыңыз.
Нәтиже болмаса — Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе оның өңірлік департаменттеріне жүгініңіз.
Сондай-ақ E-otinish.gov.kz немесе eGov.kz арқылы электронды өтініш қалдыруға болады.
Интернет-дүкенде де, базарда да сіздің құқықтарыңыз бірдей қорғалады. Егер әр азамат өз құқығын білсе — сапасыз қызмет пен адал емес сатушыға орын қалмайды.