1,6 млн теңгені қайтару бойынша сотқа дейінгі тәртіпте келісімге қол жеткізілді

1,6 млн теңгені қайтару бойынша сотқа дейінгі тәртіпте келісімге қол жеткізілді

Астана қаласында визалық қызметтер көрсететін ЖШС мен тұтынушы арасындағы даулы мәселе сотқа дейінгі тәртіпте шешімін тапты. Келіссөздер нәтижесінде тараптар 1 592 000 теңге көлеміндегі соманы кезең-кезеңімен қайтару туралы ресми келісімге келді.

Бұған дейін Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушыдан №2400724-2 және №230724-3 шарттар шеңберінде төленген, алайда толық көлемде көрсетілмеген қызметтерге қатысты шағым келіп түскен болатын. Тұтынушы өз құқықтарын сотқа дейінгі тәртіпте талап қою арқылы қорғауға тырысқан.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабы негізінде тұтынушыға талап қою құқығы туралы түсіндірме беріліп, Департаменттің араласуымен орындаушы тараптан ресми жауап алынды. Компания ақшалай қаражатты қайтаруға қатысты 2025 жылғы сәуірден қазанға дейінгі мерзімді қамтитын төлем кестесін ұсынды.

Төлем кестесіне сәйкес:

  • алғашқы төлем — 350 000 теңге (30 сәуірге дейін),

  • кейінгі төлемдер — 207 000 теңгеден ай сайын қазан айына дейін жүзеге асырылады.

Барлық қаражат қайтарылғаннан кейін тараптар шарттарды бұзу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл жағдай мемлекеттік органның қатысуымен даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен тиімді шешудің оң үлгісі болып табылады.

Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарға өз құқықтарын қорғау үшін заңда көзделген тетіктерді пайдалануға кеңес береді. Орындаушы тарап бұзушылықтарды жоюдан бас тартқан немесе жауап бермеген жағдайда, тұтынушы уәкілетті органға жүгінуге құқылы.