
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында - «Орта мерзімді перспективада техникалық реттеуді, стандарттауды және метрологияны дамыту сонымен қатар ішкі нарықты қорғауды және экспортты ынталандыруды қамтамасыз ету. Іс-шаралар, атап айтқанда, ұлттық стандарттарды қолдану деңгейін арттыруды, ұлттық өлшемдердің анықтамалық базасын жетілдіруді, халықаралық деңгейде танылған өлшем мүмкіндіктері мен зертханалық желілерді кеңейтуді, сондай-ақ қазақстандық құжаттардың халықаралық танылуын арттыру бойынша жұмыстарды қамтиды».
ҚР Үкіметінің іске асыруға бағытталған 2029 жылға дейінгі 2024-2026 жылдарға арналған Ұлттық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы негізгі бағыттарды қамтиды:
- өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, ҚР және КО/ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес Қазақстанның сынақ базасының ағымдағы жай-күйі мен қажеттіліктеріне талдау жүргізу, кейіннен барлық салалардың материалдық-техникалық базасын цифрландыру;
- жетекшілік ететін салаларда ведомстволық және жеке зертханаларды құру, жаңғырту және қайта жабдықтау бойынша ынталандыру шараларын әзірлеу және жүзеге асыру.
Салаларды дамытудың іргетасына айналатын экономикалық қызметтің барлық салаларында метрологияның құқықтық негіздерін жасау басым міндеттердің бірі болып табылады. Жасыл экономика қағидаттарын ескере отырып, өлшем тізілімдерін жүргізу механизмін қайта қарауға және оларды объектілерде қолдануды кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.
Біз e-КТРМ әзірлеуді аяқтауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жеңілдетуге және цифрлық ашықтық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін бизнеспен және азаматтармен өзара іс-қимылдың біріктірілген жүйесіне көшуді жоспарлап отырмыз.
КТРМ халықаралық форумдарға, конференцияларға белсенді қатысатын және ЕАЭО, ISO және BIPM шеңберінде жұмыс тәжірибесі бар жаңа буын мамандарын даярлаудағы жетекші мемлекеттік орган болып қала береді.
Азаматтардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыру – біздің жұмысымыздың басты мақсаты, оған біз Сараптамалық кеңеспен, метрологтар кеңесімен, Ұлттық аккредиттеу кеңесімен, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен және кәсіби қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықта қол жеткіземіз.