Бұрғылау жұмыстары өңірдің минералдық-шикізат әлеуетін бағалау мақсатында, бекітілген геологиялық-барлау бағдарламасы аясында жүргізілуде.
2024 жылы жобаның алғашқы кезеңінде Qazaq Geophysics компаниясы Target EM әдісі бойынша аэроэлектромагниттік түсірілім жүргізген болатын. Алынған деректер учаскенің геологиялық құрылымы туралы жалпы түсінік қалыптастыруға және кен минералдануымен байланысты болуы мүмкін аномалияларды алдын ала анықтауға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда геологиялық барлаудың екінші кезеңі – бұрғылау жұмыстары басталды. Жоспарланған бұрғылау жұмыстарының жалпы көлемі 3 000 пог.м. құрайды.
Екінші кезеңнің негізгі мақсаты:
Барлық жұмыстар қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарға және экологиялық талаптар мен өндірістік қауіпсіздік стандарттарына сай жүргізілуде.