Ерсайын Нағаспаев Петропавлдағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Ерсайын Нағаспаев Петропавлдағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Алдымен, Министр «C.M. Киров атындағы зауыт» АҚ-да болды. Ол темір жол автоматикасын, телемеханикасын, темір жол көлігіне арналған байланыс және қауіпсіздік жүйелерін, цифрлық теледидар жабдықтарын, мұнай-газ кешеніне арналған өнімдерді шығаруға маманданған.

Ерсайын Нағаспаев «ЗИКСТО» ЖШС-де болды. Кәсіпорын жолаушылар вагондарын, әмбебап платформалық вагондарды, багаж және пошта вагондарын, электр пойыздарын шығарады. Биылғы жылға кәсіпорын алдына платформалық вагондар өндірісін 4 есеге арттыру міндеті қойылды.

Сонымен қатар Министр «СТ Эсэмбли» ЖШС-де болды. Бұл CLAAS және HORSCH ауылшаруашылық техникасын құрастыратын неміс-қазақстандық бірлескен кәсіпорын. Кәсіпорын алдына өндірісті одан әрі оқшаулауды тереңдету және жинақтаушы бұйымдарды дамыту міндеті қойылды.

Құрастыру зауытында CLAAS астық жинайтын комбайндардың, астық жинайтын комбайндардың, тракторлардың үш үлгісін және кең тұтқалы тұқым себу кешендерінің екі үлгісін шығарылады.

Одан бөлек, Министр «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «РиМ-ҚазАгро» ЖШС, «Жасыл Солтүстік» ЖШС қызметімен танысты. Сондай-ақ министрге «Радуга» техно-экопаркін құру жобасының тұсаукесері өтті.

Министр «Qyzyljar» АЭА аумағында болып, «KazCrane Engineering» ЖШС, «Qilu Agro» ЖШС, «Бейкертон» ЖШС және «Eco Glade» ЖШС жұмысымен, сондай-ақ «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС жобасының орындалу барысымен танысты.

Іс-сапар барысында «Qyzyljar» АЭА инфрақұрылымын тарту және шағын индустриялық аймақтарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Министр Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы АЭА инфрақұрылымын қамтамасыз етуге қаражат бөлінетінін атап өтті. Тиісті жұмыстар басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін болады.