Өнеркәсіп саласына қатысты сауалнамаға қатысуға шақырамыз

Өнеркәсіп саласына қатысты сауалнамаға қатысуға шақырамыз

Құрметті кәсіпкерлер!

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ өнеркәсіп кәсіпорындарын сауалнамаға қатысуға шақырады. Сауалнама өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың қызметін жақсартуға бағытталған.

Жүргізілген сауалнаманың қорытындылары индустриялық дамуды бағалау және еліміздегі өнеркәсіп саласының жағдайы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап жатқан шаралары туралы Мемлекет басшысын хабардар ету мақсатында әзірленетін Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін негіз болады.

2025 жылғы сауалнамаға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша мемлекеттік тілде  https://forms.gle/aDAqzEqSeUcC1QrR9 немесе https://forms.gle/QLyR63n9CUFWWrg59 сілтемесі бойынша орыс тілінде онлайн-сауалнаманы толтыруды сұраймыз.

Сауалнаманы онлайн-форматта өту мүмкін болмаған жағдайда, қоса беріліп отырған сауалнаманы (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) толтырып, электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: dipmpsrk@gmail.com.

Сауалнама нысаны (жүктеу)