Министр Қарағанды облысындағы өндіруші кәсіпорындардың даму барысымен танысты

Министр Қарағанды облысындағы өндіруші кәсіпорындардың даму барысымен танысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Saran» Ииндустриялық аймақта орналасқан «ТЭМПО Казахстан» ЖШС зауытын аралады. Құрылыс жұмыстары 2023-2025 жылдар аралығына жоспарланған. Жоба құны 25 млрд. теңге, ал оның жобалық қуаттылығы жылына 250 000 тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 95% деңгейінде аяқталды. Зауыттың құрылыс жұмыстары металлоконструкциялар, сыртқы қабырғалары, шатыр және эстакадалардың бетон жұмыстары аяқталған. Ішкі жұмыстар мен инженерлік желілердің жүргізілуі жалғасуда.

Жобаға салынған инвестициялар көлемі 12,4 млрд теңге болды. Кәсіпорынның құрылысын 2025 жылдың 2-тоқсанында аяқтау жоспарлануда. «ТЭМПО Казахстан» ЖШС өнімдерін Қазақстанда және ЕАЭО елдерінде сатуды көздеп отыр.

Министр «Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС зауытына барды. Зауыт құрылыс жұмыстарын 2023-2025 жылдары аралығында аяқтауды жоспарлап отыр. Жоба құны 6,2 млрд. теңгені құрайды, ал оның жобалық қуаттылығы жылына 50 мың тонна мырыштау қызметін және 8 мың тонна металлоконструкциялар өндірісін қамтамасыз етеді.

Зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға аяқталды. Жұмыстардың негізгі бөліктері – фундаменттік жұмыстар, металлоконструкцияларды орнату, сэндвич-панельдермен қаптау және өндірістік жабдықтың жартысы орнатылды.

Жобаға салынған инвестициялар көлемі 5,8 млрд теңге болды. Кәсіпорынның құрылысы 2025 жылы аяқталып, өнімдер Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдерінде сатылатын болады.

Ерсайын Нағаспаев жұмыс сапары аясында Теміртау қаласында орналасқан  «QARMET» АҚ металлургиялық комбинатында болды. Министр кәсіпорынды жаңғыртудың инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады.

1960 жылы іске қосылған бұл кәсіпорын бүгінгі күні Қазақстанның металлургия саласындағы ең ірі және маңызды өндіріс орындарының бірі. 

 «QARMET» АҚ жылына 3,2 млн тонна шойын, 3,5 млн тонна болат, 3,3 млн тонна прокат және 6,1 млн тонна көмір өндіреді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 29 117 адам жұмыс істейді. Компанияның өндірістік қуаттылығы мен кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен тұрақтылығы Қазақстан металлургия саласының дамуына маңызды үлес қосуда.

 

Фото - Карағанды облысының әкімдігі баспасөз қызметі.