Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қатысушылар лицензиялық міндеттемеге өзгерістер енгізу, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге лицензия беру, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекстің баптарын түсіндіру бойынша сұрақтар қойды.
Вице-министр қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ қатысқандары мен айтқан ұсыныстары үшін алғысын білдірді.