ҚУАНДЫҚ ҚАЖКЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ҚУАНДЫҚ ҚАЖКЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің төрағалығымен мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру нормаларына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиынға «Rukhtylar», «Бақытты шаңырақ», «Не молчи сирота» қоғамдық қорларының өкілдері — Мұзафар А.Ж., Сұлтанова Б.С., Тұрысбеков Р.Т., сондай-ақ әкімдік өкілдері қатысты. Кездесу ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.

Кездесу барысында қатысушылар жекешелендіру рәсімін жеңілдетуге, ашықтықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспаналарда тұратын азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі өзгерістерді талқылады. Әсіресе әлеуметтік қолдауды күшейту және осал топтар үшін жекешелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вице-министр қоғамдық ұйымдармен ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары алдағы жұмыс барысында ескерілетінін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қуандық Қажкенов қоғамдық ұйымдар мен әкімдіктермен бірлесе отырып, азаматтарға жекешелендіру ережелеріндегі өзгерістерді түсіндіру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.