ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитет төрағасы Бақытжан Жүнісбеков басшылығымен Қытайдың «Zhongqi Construction Group» компаниясының кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Zhongqi Construction Group» өкілдері компанияның қызмет бағыттарын таныстырып, Қазақстан аумағында жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Тараптар ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін, жобалардың құрылымы мен инвестициялық және операциялық шығындардың қайтарылу көздері туралы алдын ала ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, алдағы жоспарланған бастамалардың негізгі аспектілері қарастырылды.
Қытай тарапынан келіссөздерге «Zhongqi Construction Group» компаниясының негізгі өкілдері, оның ішінде бас директор Цзиньхуа Ян, оның орынбасары Цзяньху Хоу, сондай-ақ салалық басшылар — құрылыс директоры Луджин Шен қатысты.
Анықтама:
Zhongqi Construction Group — бұл Қытайдағы ірі құрылыс компанияларының бірі, ол құрылыс, жобалау және ірі инфрақұрылымдық және құрылыс жобаларын іске асыру саласында көшбасшы орынға ие. Компания Қытайда құрылған және қазіргі уақытта ішкі нарықта да, шетелде де белсенді жұмыс істеп, тұрғын үй және коммерциялық құрылыс, сондай-ақ энергетика, көлік және сумен жабдықтау салаларында жобаларды жүзеге асырып келеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын одан әрі талқылауға және пысықтауға дайын екендіктерін білдірді. Бұл Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен құрылыс саласының дамуына ықпал ететін болады.