ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а. ж. 2 мамырында Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Астана, Шымкент және Тараз қалаларының түрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысының сапасы, Құрылыс кодексінің жобасына ұсыныстар, құрылыс-монтаждаужұмыстарын жүргізуге лицензия алу мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ, азаматтар инвестиция тартудың жаңа тәсілдері, елдің инвестициялық тартымдылығын арттырудың, сондай-ақ құрылыс секторындағы баға құрау мәселелерін көтерді.
Министр өз кезегінде азаматтарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді, сондай-ақ Құрылыс істері және ТҮКШ комитетінің жауапты қызметкерлеріне, әкімдік өкілдеріне өткізілген қабылдау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі