Жамбыл облысында құрылыс материалдары өндірісіне инвестиция көлемі 36 есе артты

Жамбыл облысында құрылыс материалдары өндірісіне инвестиция көлемі 36 есе артты

2024 жылдың үш айының (қаңтар-наурыз) қорытындысы бойынша құрылыс материалдары өндірісіне инвестиция тарту бойынша Жамбыл облысы көшбасшы атанып отыр. Атап айтқанда, өңірде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі 36 есеге – 204 млн теңгеден 7,4 млрд теңгеге дейін айтарлықтай өсім көрсеткен. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

«Мұндай жоғары өсім көрсеткішінің негізгі себебі цемент өндірісіне салынған инвестициялар көлемінің 38 есеге - 192 миллионнан 7,3 миллиард теңгеге дейін ұлғаюы болып отыр», - делінген хабарламада.

Құрылыс материалдарын өндірудегі инвестицияның динамикасы

Негізгі капиталға инвестициялар

2023 жыл қаңтар-наурыз

2024 жыл қаңтар-наурыз

Өсім

Қазақстан Республикасы, млрд теңге

17,3

31,7

+83%

Жамбыл облысы, млрд теңге

0,2

7,4

+36 есе

 

              Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК.