
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне өтініш берушілер үшін жан-жақты бейне нұсқаулық әзірледі. Онда тіркеуге өтініш беру тәртібі, сондай-ақ жеке кабинетте жұмыс істеу процестері кезең-кезеңімен егжей-тегжейлі түсіндірілген.
Нұсқаулық рәсімдердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ платформада жұмыс істеу барысында өтініш берушілер тарапынан туындауы мүмкін қателіктердің алдын алуға бағытталған.
Еске саламыз, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі СТ-KZ және индустриялық сертификаттарды алмастырып, кәсіпорындардың тапсырыстарға және мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін жеңілдетеді.