ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов құрылыс саласына қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында құрылыс жобаларын іске асыру, әлеуметтік тұрғын үйдің сапасы, үлестік қатысу мәселелері, сондай-ақ сәулет-құрылыс нормаларының сақталуына байланысты өтініштер қаралды.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, жекелеген өтініштер бойынша қосымша пысықтау үшін нақты тапсырмалар жүктелді.
Азаматтарды қабылдау мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға, сондай-ақ құрылыс саласының қатысушыларын толғандыратын мәселелерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді.