Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Сот Әкімшілігімен бірлесіп бейне-байланыс конференциясы арқылы кеңес өткізді. Шараға ҚР Сот Әкімшілігінің Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Салтанат Шамшинурова, Министрліктің Заң департаментінің директоры Данира Сураужанова және құрылымдық бөлімше қызметкерлері қатысты.
Кеңесте Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолдану практикасын қарау мәселелері, сондай-ақ, процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты сот актілеріне талдау жүргізу мәселелері талқыланды.
С. Шамшинурова өз баяндамасында жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының уәжді ұстанымын ұсыну тәртібіне, ӘРПК-нің 138-бабының негізінде қайтарылған істерге талдауға, мемлекеттік органдарға қарсы әкімшілік істерді қарау жөніндегі сот тәжірибесіне назар аударды, Министрліктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), әкімшілік актілеріне қатысты сотқа 2024 жылы – 122, 2025 жылғы 1 тоқсанда – 62 шағым жасалды.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа кассациялық соттардың жұмыс істей бастайтыны атап өтілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша проблемалық сұрақтарды шешу туралы ұсыныстар енгізілді.