Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Астана» халықаралық форумы аясында негізгі халықаралық серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуа және Ivanhoe Mines Атқарушы тең төрағасы Роберт Фридландпен келіссөздер барысында минералдық ресурстар саласындағы стратегиялық серіктестік, оның ішінде заманауи технологияларды енгізу және Қазақстанда тұрақты экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Pallas Resources Limited халықаралық геологиялық барлау компаниясының директоры Саймон Роберт Купермен кездесу өтті. Компания өкілдері Қазақстандағы алдағы жоспарлар туралы хабардар етті, сондай-ақ геологиялық саланы цифрландыруға ықпал етуге дайын екендіктерін жеткізді.
БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика комитетінің директоры Дарио Лигуттимен маңызды шикізат бойынша ағымдағы меморандум аясында Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестікті тереңдету мәселелері талқыланды. Пайдалы қазбалардың қорларын бағалаудың халықаралық жіктеу жүйесін қолдануда тәжірибе алмасу және әлеуетті арттыру және Алматыда өтетін CRRM бойынша алдағы Консультативтік кездесуге дайындық мәселелері қаралды.
Rivian Automotive, Inc. Жаһандық жеткізу тізбегінің аға директоры Мұстафа Эль Аккаримен қазақстандық автокомпоненттер өндірушілерін компанияның жаһандық жеткізу тізбегіне біріктіру перспективалары талқыланды. Rivian ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.