
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады.
«Avatar Agricultural Technology Development» серіктестігі қолға алған бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады.
Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарын жүргізуге арналған. Ұшқышсыз бір аппараттың өзі 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, 5 гектарға дейінгі егіс алқабын қамтамасыз ете алады.
Жаңа технология ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге алқаптарды өңдеу тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және еңбек өнімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазірдің өзінде компания агродрондарды жеткізуге 20 тапсырыс қабылдап үлгерді.
Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Осы ретте келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді игеруді жоспарлап отыр.