Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры 2009 жылы 6 мемлекеттің қатысуымен (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) аймақтағы дағдарысқа қарсы тетік ретінде құрылған болатын.
Ұзақ уақыттан бері жинақталған мол тәжірибе мен әлемдік экономикалық саясаттағы өзгерістерді ескеріп, аталған қорды толыққанды дербес халықаралық ұйым ретінде дамытып, оның қызметін қайта қарау қажеттілігі туындады.
Қазақстанның бұл ұйымға мүше болуы қажетті техникалық көмек пен үздік сараптамаларды алып, халықаралық орнықты дамуға жол ашады. Сондай-ақ қорға мүше елдермен тығыз ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді.