
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ашық үкімет қағидаттарын іске асыру аясында ашық деректерді қалыптастырып, жариялауды қамтамасыз етіп келеді.
Ашық деректер - дербес түрде пайдаланып, талдау мен қайта пайдалануға арналған машина танитын форматтағы ақпарат.
Бұл мәліметтер азаматтарға, бизнеске және сарапшылар қауымдастығына қоғамдық бақылауды жүзеге асырып, орынды шешімдер қабылдау мен цифрлы қызметтерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде министрлік https://data.egov.kz порталында 86 ашық дерек жиынтығын орналастырды.
Аталған мәліметтердің өзектілігі, толықтығы мен сенімділігі талапқа сай қамтамасыз етіліп келеді.
Ашық деректерді одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылдың 6 сәуірінен бастап 16 сәуірге дейін осы деректерге деген қажеттілікті анықтау үшін сауалнама арнайы жүргізіледі. Осы орайда ведомство төмендегі сілтемеге өтіп, сауалнамаға қатысуға шақырады: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6983
Сіздердің ұсыныстарыңыз бен министрлікпен тығыз байланыстарыңыз сұранысқа ие және пайдалы деректер жиынтығын қалыптастыру үшін маңызды.