Қазақстан және Конго сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізді

Қазақстан және Конго сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізді

Астана, 2026 жылғы 21 тамызҚазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың бірінші раунды өтті.

Консультациялар барысында Азия департаментінің директоры Бейбіт Құлатаев қазақ-конголық саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді, сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекедидің 2025 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Екіжақты тауар айналымының оң динамикасы, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыру әлеуеті атап өтілді.

Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тұрақты диалогты қолдауға және саяси консультацияларды тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.