Меню
Страницы
Екіжақты ынтымақтастық
Елшілік туралы
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Все материалы
20 августа 2025
Ош қаласында Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының ресми ашылуына орай салтанаттықабылдау өтті.

2025 жылғы 20 тамызда Ош қаласында Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының ресми ашылуына орай салтанаттықабылдау өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында арнайы өткен салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Исаев Асеин Кусеиновұлы , Қырғыз Республикасы Президентінің Ош облысындағы өкілетті өкілі Эльчибек Нуржадыевич Джантаев, Ош қаласының әкімі Жеңішбек ШермаматовичТокторбаев, Ош қаласындағы дипломатиялық корпус өкілдері, жергілікті билік органдарының жетекшілері қатысты.

Бас консулдықтың ашылуы қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайту, аймақаралық ынтымақтастықты кеңейту және экономика, білім, мәдениет және гуманитарлық байланыстар салаларындағы өзара іс-қимылды дамытудағы барынша маңызды қадам.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Қоныспаев өз сөзінде Қазақстанның Ош қаласындағы Бас консулдығының ашылуы халықтарымыз арасындағы берік достық пен бауырластық байланыстың нышаны екенін ерекше атап өтті. Бұл қадам сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ Қырғызстанның оңтүстік өңірлерінде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарын қолдауға қызмет етеді.

Дипломат сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері мен бірлескен институттардың жұмысының арқасында өзара ынтымақтастықтың озық үлгісін ашуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Оштағы Бас консулдық бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін береді, оның ішінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және екіжақты тауар айналымын жақын арада 3 миллиард долларға дейін арттыруды көздейді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасында өңірлік деңгейде ынтымақтастықты дамыту барынша маңызды. Ош – Қырғызстанның оңтүстігінің орталығы, Бас консулдықтың ашылуы елдеріміз арасындағы байланысты нығайтуға жаңа серпін бермек.

Қырғыз Республикасы Президентінің Ош облысындағы Өкілетті өкілі Е.Джантаев та өз сөзінде бауырлас елдің Ош қаласындағы Бас консулдығы Қырғызстанның оңтүстік облыстары үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ол достық пен ынтымақтастықтың жаңа көпіріне айналады, екі халық арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға септігін тигізеді.

Өз кезегінде сөз алған Ош қаласының әкімі Ж.Токторбаев Қырғызстанның оңтүстігі үшін Қазақстанның Бас консулдығының ашылуының ерекше маңыздылығын атап өтті. Ош қаласы әрқашан достық пен ынтымақтастықтың орталығы болып қала береді. Бауырластық және тату көршілік қарым-қатынасты ерекше мақтан тұтамыз. Қырғызстанның оңтүстігіндегі дипломатиялық корпусты орналастыру үшін 3,5 гектар жер телімі бөлінді.

Қала басшысы өз сөзінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Ош қаласындағы көшелердің біріне оның есімі берілетінін де атап өтті.

Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының ашылуы бауырлас екі халықтың саяси-экономикалық ынтымақтастығының, мәдени бірлігінің, рухани жақындығы мен ортақ тарихының жарқын рәмізі ретінде қабылданды.

 

 

 

15 августа 2025
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және кеңейтілген ЕҮАК отырысына қатысты. 

Кездесу барысында ЕАЭО елдерінің экономикалық әлеуетін нығайту, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, өзара сауданы дамыту, Одақ нарығындағы кедергілерді жоюға және басқа да мәселелерге назар аударылды.

ЕҮАК кеңейтілген құрамдағы отырысына Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, бақылаушы елдерден – Иран Республикасының бірінші вице-президенті Мұхаммед-Реза Ареф, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасының Премьер-министрі Мануэль Марреро Круз (бейнеконференция арқылы), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мұнай-газ және цифрлық салалар, сондай-ақ кедендік және биржа қызметі, медицина мен фармацевтика, еңбек нарығы және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл қаралды.

Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын атап өтті. Өзара сауданы дамытуға және сыртқы экономикалық байланыстарды арттыру жөніндегі бірлескен шараларға назар аударылды.

Жеткізушілердің мемлекеттік сатып алуларға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.

Көлік және логистика саласында өңірдің барлық мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, баламалы бағыттар құрудың өзектілігі айқындалды. Бүгінгі таңда келешегі зор көлік бағыттарының бірі – өткізу қабілеті 10 млн тоннаға дейін жүкті құрайтын «Тургунди-Герат» теміржолы жобасы.

Сауда ағындарының тұрақты өсуін және әртараптандырылуын қамтамасыз ету үшін ЕАЭО-ның үшінші елдер мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастығын кеңейту маңызды. Қазақстан әр түрлі форматтағы серіктестермен өзара іс-қимылды тереңдетуді жақтайды. 

Жиын барысында қатысушылар газ, мұнай, мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын, сондай-ақ тауарлардың биржа нарығын қалыптастыруға қатысты баяндамаларды тыңдады. Биржалық сауда-саттықты дамыту бағдарламасы бекітіліп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл құжаттарды іске асыру ЕАЭО шеңберінде әріптес елдердің сапалы әрі қауіпсіз өнімін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қатысушылар климаттық күн тәртібін іске асыру, көлік дәліздерін цифрландыру, еңбек нарығындағы біліктілік талаптарының жақындасуы және басқа да мәселелерге қатысты пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды.

ЕҮАК-тың келесі отырысы биылғы 29-30 қыркүйекте Минск қаласында (Беларусь) өтеді.

15 августа 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында ЕҮАК-тың шағын құрамдағы отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты.

Жиынға Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян қатысты.

Онда биылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ақпарат алмасуды жетілдіре түсуге назар аударылды.

11 июля 2025
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтеншежәне Өкілетті Елшісі Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Түрік Республикасының Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалғанТөтенше және Өкілетті Елшісі Мекин Мустафа Кемаль Океммен кездесу өткізді

2025 жылғы 11 шілде, Бішкек қаласыҚазақстан Елшілігінде Төтенше жәнеӨкілетті елші Р.С.Жошыбаев Түрік Республикасының ҚырғызРеспубликасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті ЕлшісіМекин Мустафа Кемаль Океммен кездесті.

Дипломаттар Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, сауда-экономикалықжәне мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтыңбарысы мен перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағыстратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын нығайту, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен жобалардыжүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Түрік мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі өзара ықпалдастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікіралмасылды.

Кездесу жылы және достық ахуалда өтті. Сұқбаттасушылар жұмысбайланыстарын жалғастыруға және елдеріміздің игілігі жолындағыынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

02 июля 2025
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы ашық деп жарияланады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты мерекелі 10-шы байқауына (бұдан әрі – байқау) өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

2014 жылдан бастап байқау шетелдік авторлардың Қазақстан туралы мазмұнды, және жан-жақты баяндаған ең үздік мәтіндік жазбалары мен бейнематериалдарын жинақтап келеді. Біз шығармашылық көзқарасты, тың ойды және елімізді терең түсінуді ерекше бағалаймыз.

Қазіргі медиа кеңістікте дәстүрлі БАҚ-пен қатар әлеуметтік желілер демаңызды рөл атқарады. Осыған орай, біз блогерлерді, видеоконтент жасаушыларды және белсенді әлеуметтік медиа қолданушыларды (кем дегенде 10 мың жазылымдары болуы қажет) Қазақстан туралы бірегей көзқарасымен бөлісуге шақырамыз.

Байқауға 2024 жылғы 1 тамыздан 2025 жылғы 1 тамызға аралығындашетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік платформаларда жарияланған ақпараттық, сараптамалық, мәдени-танымдық, деректі және басқа да материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар Астана, Алматы және Түркістан қалаларына сапар шегу жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.

Биыл «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы», «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC), «Astana Hub», «Отандастар қоры» және «Верный капитал» байқаудың серіктестері атанды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялардың жеңімпаздарыанықталады:

Цифрландыру – Цифрлық трансформация: БАҚ/медиа саласының Қазақстанға көзқарасы;
Экономика – Қазақстан: Еуразиядағы криптоиндустрияның көшбасшысы;
Қазақстан халқының мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері – Абай мұрасы;
Спорт Қазақстанның теннис әлеміне саяхаты: Жаһандық ойыналаңындағы ұлттың өрлеуі;
Туризм Астана: Болашақты жобалау – жас астананың сәулеттік жаны.

Байқау жеңімпаздарын ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Kazakh Tourism», AIFC, «Astana Hub», «Отандастар қоры», «Верный капитал» басшылығы мен министрліктің жауапты қызметкерлері кіретін қазылар алқасы айқындайтын болады.

Барлық жұмыстар 2025 жылғы 15 тамыздан кешіктірілмей mediacontest2025@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелері 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін жарияланады.

Қосымша ақпаратты mediacontest2025@mfa.kz поштасы немесе +77172720182 телефонына хабарласу арқылы алуға болады.

26 июня 2025
Түркі мемлекеттерінің ұйымы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылғы 26 маусымда Ыстықкөлде IV Түркі Агрo Форумы болып өтіп, оған Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтеншежәне Өкілетті Елшісі Рапиль Жошыбаев қатысты.  

Форумға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бейінді министрліктерінің басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, фермерлер мен кәсіпкерлер қатысты.

Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Бакыт Торобаев өз баяндамасында ауыл шаруашылығы саласындағы ТМҰ елдерінің ынтымақтастығының артып келе жатқан рөлін, тәжірибе алмасу мен жаңа технологияларды енгізудің маңызын атап өтті.

Форумның панельдік сессияларында қырғыз кәсіпкерлері қатысушыларды асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, органикалық дәрілік өнімдер өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы қазіргі жетістіктермен таныстырды.

Түркі мемлекеттері арасында агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, экспорттық әлеуетті дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келешек шаралар жөнінде нәтижеі пікір алмасу өтті.

Форум шеңберінде 100 млн АҚШ долларынан астам сомаға келісімдерге қол қойылды.

20 июня 2025
Қазақстан Азия Даму Банкімен ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылғы 20 маусымда Бішкекте Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рапиль Жошыбаевтың Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша өңірлік департаментінің Бас директоры Евгений Жуковпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, «Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі» (АБЭД) жобасын іске асыру барысын талқылады. Бұл жоба аясында «Алматы–Чолпон-Ата» баламалы автожолын салу қарастырылған.

Жаңа автожол Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі жолды екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жүк және туристік ағынның артуына сеп болады, сондай-ақ жалпы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне жағдай жасайды.

Е.Жуков Елшіні аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, қаржыландыру шарттары мен ұсынылып отырған техникалық параметрлер жөніндегі банк жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Р. Жошыбаев Қырғызстанның оңтүстік аймақтарынан (Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстары) Ыстықкөлге, Балықчыға шығатын автожол құрылысының аяқталуына байланысты, жаңа бағыт арқылы тез бұзылатын өнімдерді (көкөністер, жемістер, жидектер, көк шөптер) шағын жүк көліктерімен тасымалдау мүмкіндігін қарастыру қажет екенін атап өтті. Бұл қырғыз ауылшаруашылық өнімдерін Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларына жеткізушілер үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жаңа автожол жобасы аясында сондай-ақ Кемин қаласы маңында заманауи шекаралық бақылау-өткізу бекетін және туристер мен спортшылар үшін жол бойындағы инфрақұрылымды салу жоспарланып отыр.

Елші автожол жобасымен қатар, қырғыз тарапымен Алматы облысында, Бішкек–Алматы автожолының бойында, жаңа автожол мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанының түйіскен жерінде көтерме-бөлшек сауда орталығын (КБО) бірлесіп салу жобасы пысықталып жатқанын жеткізді. Жоба тең қаржыландыру негізінде Ұзынағаш қаласына жақын жерде іске асырылады деп күтілуде.

Тараптар сондай-ақ АБЭД аясындағы басқа жобаларды ілгерілету, Алматы мен Бішкек арасындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мәселелерін талқылады және оларды сапалы әрі уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

16 июня 2025
Бішкекте Елші Р.Жошыбаевтың Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі М.Мамбеталиевпен кездесуі өтті

2025 жылғы 16 маусымда Бішкек қаласында Қазақстан РеспубликасыныңҚырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі РәпілЖошыбав пен Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастарсаясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар көп ғасырлық тату көршілікке, тарихи жәнерухани жақындыққа негізделген қырғыз-қазақ мәдени-гуманитарлықынтымақтастығының тұрақты сипатын атап өтті.

Достықты нығайтуға, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәнемәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған, оның ішіндеҚазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдыңтамыз айында Қырғыз Республикасына алдағы ресми сапарына дайындықаясында жоспарланған бірқатар іс-шаралар талқыланды.

Тараптар тығыз өзара іс-қимыл мен бірлескен бастамалар екі халықарасындағы достықты нығайтуға және мәдени алмасуды тереңдетугеықпал ететініне сенім білдірді.

 

Кездесу жылы және сындарлы жағдайда өтті, бұл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін тағы бірдәлелдеді.

 

05 июня 2025
Бішкекте Дүниежүзілік банктің «Өсу және жұмыспен қамту форумы» өтті

2025 жылғы 5 маусым, Бішкек қаласы — Қырғыз Республикасының астанасында Дүниежүзілік банк ұйымдастырған «Өсу және жұмыспен қамту форумы» өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рапиль Жошыбаев қатысты.

Форумға Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, іскерлік және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.

Форумда өнімділікті арттыру, бюрократияны азайту және құрылымдық реформаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қатысушылар әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, жеке секторды қолдау, экономиканы цифрландыру және адами капиталды дамыту бағыттарын талқылады.

Форум орнықты экономикалық даму басымдықтарын, өңірлік ынтымақтастықты тереңдету мен жұмыспен қамтуды және өнімділікті арттыруға бағытталған реформаларды талқылайтын маңызды алаңға айналды. Қазақстандық тарап мұндай іс-шаралардың тәжірибе алмасуға, бірлескен тәсілдерді әзірлеуге және Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға маңыздылығын атап өтті

28 мая 2025
Алматы-Ош-Алматы тікелей әуерейсі ашылды

Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының ықпалдастығымен және қолдауымен 2025 жылғы 28 мамырда қазақстандық «Air Astana» компаниясы Алматы-Ош-Алматы бағыты бойынша тұрақты әурейстерін ашты. Аталған рейстер аптасына төр рет – сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды.

         Алғашқы рейс Ош халықаралық әуежайына 28 мамырда сағ. 17:20-да келіп қонды, ұлттық ұшақты және алғашқы жолаушыларды Ош қаласы әуежайының басшылығы, қала әкімшілігінің жетекшілері, қазақстандық дипломаттар және жергілікті тұрғындар мен жолаушылар қуана қарсы алды.

Қазақстан мен Қырғызстанның оңтүстік астаналары арасындағы тікелей әуеқатынасы өзара туризм, іскерлік және экономикалық, мәдени байланыстардың жандануына, жалпы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына игі ықпалын тигізбек.

Әуерейстері қазіргі заманғы Airbus A320 ұшақтарында жоғары сапалы қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, Алматы арқылы әлемнің ірі қалалары Дели, Мумбай, Сеул, Лондон, Франкфурт, Бейжің, Гуанчжоу, Үрімші, Пхукет, Бангкок, Нячанг, Дананг, Анталья, Ыстамбұл, Тбилиси, Батуми, Бакуге және басқа бағыттарға ыңғайлы ұштастырылған.  

Қазіргі уақытта Астана-Ош-Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді келесі жылдан бастап ашу қарастырылуда. 

 

 

Қазақстан Республикасының

Ош қаласындағы Бас консулдығы

Социальные сети
instagram
twitter
facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы