1) Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салынады;
2) Ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары т.б.) барлық жиындарға тыйым салу жалғастырылады;
3) Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, бейімдеу және әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етіледі (пациенттердің палаталар немесе бөлмелер арасында және қызметкерлердің бөлімшелер арасында жүруіне, келушілер мен сырттан тамақ қабылдануына тыйым салынады);
4) Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылуы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қамтамасыз етіледі;
5) Білім беру орталықтарының, үйірмелердің, қосымша білім беру орталықтарының (репетиторлық, тілдік) жұмыс тәртібін сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектеледі;
6) Жекелеген тұрғындардың құран бағыштауын қоспағанда, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар (ас беру және т.б.) өткізуге тыйым салынады;
7) Бала-бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда (1 балаға 4 шаршы метрді құрайтын), меншік нысанына қарамастан барлық бала-бақшалардың жұмысы тоқтатылады;
8) Меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар, футкордтар және тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру-алу қызметтеріне тыйым салынады;
9) Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен санаторлы-курорттық нысандардын жұмысы жалғастырылады;
10) Оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынады;
11) Кальянды пайдалануға тыйым салынады;
12) Компьютерлік және интернет, бильярд клубтар, букмекерлік және лото - кеңселердің жұмысы (келушілер мен қызметкерлерін қосқанда), бір адамға кемінде 4 шаршы метр құрайтын көлемін сақтай отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі;
13) Жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысы сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі;
14) Онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі;
15) Барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері) жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі;
16) Демалыс парктерде барлық аттракциондар, ойын орындары, кассалар мен кәсіпкерлік нысандар кезектерінде шоғырландыруды болдырмай, әлеуметтік қашықтықты кеміне 1,5 метр сақтай отырып жұмыстары сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
17) Облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орындық санынан аспауы тиіс;
18) Такси қызметтері санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін сақтай отырып 2 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүруі талаптарын сақтай отырып жұмысы сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
19) Штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда,
азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
20) Көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын және келушілер саны бір мезетте 30 адамнан асырмау талабымен, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы 11.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
21) Көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жазғы алаңы бар ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы жалғастырылады.
№15 Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.