Меню
Страницы
Все материалы
30 сентября 2024
Арқаның ақ сұңқары – Сәкен

Министрліктің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 27 қыркүйекте Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай С. Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Оралбайұлы Әбсеметовпен «Арқаның ақ сұңқары – Сәкен» атты кездесу өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарында жоспарланған болатын.

С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы, оның атқарған қызметіне қатысты қызықты деректер айтылды. Сұрақ-жауап түрінде әдемі сұхбат болды. Кездесу соңында Марат Оралбайұлы «Сыр сандық» атты он томдық кітапты сыйлады.

Сәкен Сейфуллиннің өмір тарихын, өнегелі жолын, ғибратты істерін жас ұрпаққа насихаттап, еліміздің келешегіне қосқан орасан зор үлесі үшін М.О. Әбсеметовке Аппарат басшысының алғыс хаты табыс етілді.

17 сентября 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар

        Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен а.ж. 11 қыркүйекте  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

        Арнайы шақыртумен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің аса маңызды істері жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңғырту мәселелерін көтерді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, шектеулерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сондай-ақ мүдделер қақтығысын реттеуді қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесі мен жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбау, бұрын жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау мәселелеріне тоқталды.

         Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беру және алу жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, бағынышты тұлғаларының сыбайлас жемқорлығы үшін, басшылардың жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгеніне, бұдан басқа, басшының ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндеттерін жүйелі түрде елемегені үшін жауапкершілігі енгізілгеніне де тоқталды.

         Жемқорлыққа қарсы реформаның төрт пакеті туралы анықтама мен түсіндірме жүргізіліп, қарастырылып жатқан мәселелерді айтып өтті.

         Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыбын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды және оны үйлестіруді қозғады.

          Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға көңіл бөлу туралы айтты.

          Семинар барысында қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлық сенің еліңіздің ғана емес, жақын адамдарыңыздың өмірін де бұзады» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне – ролик көрсетілді.

         Спикер қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарының  қарастырылатынын хабарлады.

 

        

 

Жансая Қаршығақызы Молдағалиева

 ҚР ЦДИжАӨМ Әдеп жөніндегі уәкілі

 

12 сентября 2024
Отбасы құндылығы – ұлт болашағының негізі

Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.

Елімізде отбасы институтын нығайту, қорғау, оны зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға жағдай жасау үшін заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту жөнінде шаралар қабылдануда.

Биыл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.

Жаңа заң нормалары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға, ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана зиян келтіру, балаларға қатысты қылмыстың барлық түрі үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған. Сондай-ақ, заңда қылмыстың алдын алуға, әйел, бала және отбасы құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар көзделген.

Мемлекеттің отбасын қолдауға бағытталған шаралары оны зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.

Қазақстандықтар 10 жылдам астам уақыт бойы бірлік пен отбасылық құндылықтардың маңыздылығын білдіретін мерекені атап өтіп келеді. 

Дәстүрге айналған мерекенің тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін биыл да Отбасы күніне арналған тақырыптық бағыттар бойынша апталық аясында іс-шараларда өз жалғасын тапты.

Сондай шаралардың ішінде біздің Министрлік кәсіподағының  ұйымдастыруымен а.ж. 5,6 қыркүйек күндері өткен «Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз» бағытындағы «Отбасы құндылықтары» тақырыбындағы семинар-тренинг пен «Саналы түрде ата-ана болу» тақырыбы аясындағы «Қамқорлық» және «тәрбие» атты шеберлік сағатын (воркшоп)  атап өтуге болады.

Семинарға арнайы шақырылған спикер филология ғылымының кандидаты  Гульхан Дюсенбаева тақырып аясында отбасы тәрбиесі, отбасын құру ісін жоспарлау, отбасы мүшелерінің психологиялық, қаржылық, әлеуметтік және басқа да проблемаларды бірге еңсеруі және жастардың бойында жар таңдау, өз денсаулығын сақтап, нығайту ісіне жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру туралы айтты. Сондай-ақ, неке қиюды жоспарлап отырған жастар үшін қаржылық және құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік, серіктестік пен жауапкершілікке тоқталды. Семинар барысында әр адам өзінің құндылықтарды таңдауына байланысты семинарға қатысушылар арасында шағын зерттеу жүргізілді.

Сонымен қатар, шеберлік сағатын өткізген «Star and go» балалар орталығының директоры Арман Жанабайқызы Баграмова отбасылық қарым-қатынас, ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне әсер ету, қарт ата-ананың баларына қамқорлық жасауға, жинақталған тәжірибені жастарға беруге бағытталуы тиіс тәжірибесін  отбасы құндылықтарымен байланыстыра білудегі шеберлігімен бөлісті. Шара  барысында А. Баграмова қатысушылармен психологиялық шағын қойылым ұйымдастырып, қызметкерлердің ризашылығына бөленді. Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісіп, сұрақтарына тұшымды жауап алды. Отбасы күніне арналған шаралар атмосфералық достық сипатта өтті.

 

Жансая Қаршығақызы Молдағалиева
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

25 июня 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру әдістері

Министрліктің  Әдеп  жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерімен  мемлекеттік  қызмет, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп саласындағы талаптарын  сақталуы  мәселелері  бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын  өткізу туралы  2024 жылға  арналған  жұмыс  жоспарына  сәйкес а.ж. 19 маусым күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы семинар өтті.

         Семинарға шақыртуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің ассистенті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Әлеуметтік ғылымдар магистрі Әлібек Елеусінұлы Молданиязов пен  Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен әдеп секторының бас сарапшысы  Галия Убайдуллаевна Алимкулова қатысты.

Семинарда сөз алған Г. Алимкулова Қазақстандағы комплаенс қызметі, халықаралық және ұлттық стандарттар туралы және Цифрлық платформаны пайдалану арқылы ISO 37001 енгізу мәселесін, жалпы цифрлық платформаны  кім енгізе алатынына, ISO 37001 парақорлыққа қарсы басқару жүйесінің  стандартын құру, оңтайландыру, қолдану және инновациялық цифрлық платформаны пайдалану, оны енгізу кезеңдеріне, оның артықшылықтарына да тоқталды. Семинарға қатысушыларға кешенді ақпараттық жүйе - Цифрлық комплаенс ассистент мақсатын,  платформа модулдары және қолдану нәтижелері мен пайдасы туралы мағұлмат берді.

Семинар спикері  Ә. Молданиязов  қызметшілерді жемқорлыққа   қарсы  иммунитетті  қалыптастыру әдістерімен таныстыра  келіп, өзінің Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыған кезде диссертациялық еңбегі сыбайлас жемқорлық тақырыбында болғанын және жетекшісінің аталмыш тақырыпты зерттеу барысындағы көзқарасымен таныстырып (бейне жазбасын көрсетіп), «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008 жылғы 4 мамырдағы №31 және «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалау топтары мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №299-VІ ҚР Заңдары туралы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), 2009-2013 ж.ж. Шығыс Европа және Орталық Азия елдерінде бірқатар жетістіктер туралы, жалпы тақырыптың қаншалықты терең екендігін, сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарас 1980 жылдары, атап айтқанда 1990 жылдардың басында өзгере бастағанын, неліктен саясат әлемі сыбайлас жемқорлық туралы айта бастағаны, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, нығайту туралы айтып, Марсель Мосстың «сыйлық берудің теориясы»   мәселелерін түсінікті әрі қызықты түрде жеткізді.

Сонымен қатар, бағынышты тұлғаларының сыбайлас жемқорлығы үшін, басшылардың жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгеніне, бұдан басқа, басшының ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндеттерін жүйелі түрде елемегені үшін жауапкершілігі енгізілгеніне тоқталды.

Семинарға қатысқан Министрліктің қызметшілерімен қатар, министрлікке қарасты бағынысты ұйымдардың комплаенс қызметі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды атқаратын қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жұмысын ұйымдастыру, сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері туралы толық мағұлмат алды.

Семинар соңында қызметкерлерге  қабылданған заң талаптарынан туындаған  мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 

Жансая Қаршығақызы Молдағалиева

                                                                   ҚР ЦДИжАӨМ Әдеп жөніндегі уәкілі

26 апреля 2024
«Жаныңда жүр жақсы адам»

 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесінің қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделін» қоғам арасында кеңінен насихаттау және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер бейнесін ұжым алдында көтермелеу, жастарға үлгі болу мақсатында мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарының кезекті қонағы – мемлекеттік қызметте адал да абыройлы еңбек етіп жүрген әріптесіміз Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы тарифтерді талдау және реттеу басқармасының бас сарапшысы Ғарифолла Кәкманұлы Әлменбетов.

Құрметті Ғарифолла Кәкманұлы, өзіңізді келе жатқан төл мерекеңізбен құттықтаймын. Осы мерекенің қарсаңында өзіңізге қояр сұрақтарым бар еді.

Елімізде әскерге шақырушылар жылына екі рет, көктем және күз айларында іріктеліп отырады. Мыңдаған бозбала қатаң талаптардан сүрінбей өтуі шарт. Алайда, барғысы келмейтіндері де бар. Қазіргі жастардың әскерге бармауы, Отан алдындағы борышына селқос қарауы, патриоттық сезімінің болмауына қандай себеп болуы мүмкін? Сіздің ойыңызша, әскердің берері бар ма?

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған әрбір ер-азаматы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге міндетті. Бұл Ата заңымызда да көрсетілген. Азаматтық әскери борышын өтеу – маңызды, қасиетті міндет,- деп білемін. Біздің жас кезімізде қандай да бір себептермен әскер қатарында болмаған жігіттер өздерін басқалардан төмендеу санап, ыңғайсыз жағдайларда болатын. Қатарластары ойынды-шынды әскер қатарында болмағандарды «жігіт емессің»,- деп қағытып та жатушы еді. Әскер қатарында болу – ер азамат үшін бұл шыңдалу мектебі, өз-өзіңді тану, қандай да бір жағдайларда ұйымдасып бірлікте болуға, достыққа үйретеді.

Қазіргі жастардың әскер қатарында болып, азаматтық борыштарын өтеуге селқос, жауапкершіліксіз қарауы, әрине, құптарлық шаруа емес. Өз еліңнің азаматы болғандықтан, Отанды қорғау үшін патриоттық сезім болуы керек. Кезінде кешегі Ұлы Отан соғысында ата-апаларымыз бен әкелеріміз небәрі он сегіз, жиырма жастарында Отанды ерлікпен қорғаған жоқ па? Біздер – сол жеңімпаздардың ұрпақтарымыз, сондықтан майдаланбауымыз керек деп санаймын. Енді жастарымыздың Отан алдындағы борыштарын өтеуге құлықсыз болуы отбасындағы тәрбиеден сонымен қатар, ащы да болса шындық әскер қатарындағы әлімжеттілік өлім-жітім, басқа да келеңсіз себептер ықпал етеді деп ойлаймын.

Сіз өзіңіз әскер қатарында болдыңыз ба? Қай жерде әскери борышыңызды өтедіңіз, неше жасыңызда әскерге бардыңыз, әскерде болу сізге не берді?

Иә, әскер қатарында болдым. Әскер қатарына жиырма бір жасымда институт бітіргесін Жезқазған қалалық әскери комиссариатымен шақырылып 1984-1986 жылдары Кеңес әскері қатарында мерзімді (қысқа) әскери борышымды Қызыл жұлдызды Орта Азия әскери округына қарасты әскери бөлімде атқардым, запастағы сержантпын. Ұлы Отан соғысына қатынасқан екінші топтағы мүгедек ардагерінің баласы ретінде менің әскер қатарында азаматтық борышымды өтемеу мүмкін емес еді. Әке-шешеміздің тәрбиесі солай болған. Сөз реті келгенде айта кетейін, менің әкем Әлменбетов Кәкман Ұлы Отан соғысына қатынасып, елге мүгедек болып оралған. Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі бағаланып, «Бірінші дәрежелі Отан соғысы ордені» және бірнеше медалдермен, мақтау грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған. Ұлы Отан соғысының ардагері әкем 1997 жылы жетпіс бес жасында Жезқазған қаласында қайтыс болды.

Әскер қатарында болған жылдар мен үшін өмірдің бір кезеңі болды дер едім. Онда қызметтестер бір-бірімізге қамқор болып қол ұшын беріп, қандай қиындықтар болмасын бірлесе жеңіп, достық бауырмашылдық қасиеттерді қалыптастырды. Әскерде елді, ата-ана, туған-туыс, дос-жолдастарыңды сағынып жүргенде еңбек демалысын алуды армандап жүретініміз бұл шындық енді. Өз басыма сәтін салып үлгілі қызметім үшін 10 (он) күнге қысқа мерзімді демалыс алғаным әлі күнге дейінде өмірімнің естен кетпес шақтары болып қалары сөзсіз. Сол жылдардағы әскердегі қызметтестер бір отбасының балаларындай болдық десем, артық айтқандығым емес. Қазірде жасым алпыстан асса да, сол әскерде бірге болған жерлес жігіттермен араласып, бүгінде отбасылық достар болып кеттік.

«Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас»-деген нақыл сөз бар. Ендеше, ата-ананың, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны өзгеше. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені дәріптеген. Ұл баланы тәрбиелеуде әкенің ролі қандай? Қазіргі заманда балаларды аңыздар мен қиссалар негізінде тәрбиелеу өзекті деп ойлайсыз ба?

Қазіргі ұл, бозбала ертеңгі бір-бір отбасының иесі екендіктерін бала жасынан айтып түсіндіріп отыру ата-ананың, әсіресе әкенің міндеті болуы керек. Сонда ер баланың отбасы алдындағы жауапкершілігі келешек ұрпақ өсіріп тәрбиелеуді сезініп өсуіне ықпал етері сөзсіз. Әрине, ер баланың тәрбиесінде әкенің орны маңызды деп санаймын. «Әке – асқар тау»,-деп тегін айтпаған ғой. Мысалы, өзім жанұяда қанша бала болсақ та әкеміздің біреумізге ұрсып зекігенін естіген емеспін. Анамыздың әкеңе айтамын, әкең келе жатыр,-деген сөзі жетіп жататын, сол сөзбен-ақ тәрбиелендік.

Жастарымыздың ежелгі батыр бабаларымыз жайлы аңыз-қиссаларды оқып тарихын білгендері өте дұрыс, маңызды деп санаймын. Өткен шақсыз келешек жоқ. Қаншама атақты Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Бауыржан, Рақымжан тағы да басқа мақтан тұтатын батыр бабаларымыз жетіп артылады, солар туралы келешек жастарымыз біліп, саналарына құйып алса қандай ғанибет. Осы бағыттағы жұмыстарды мектеп қабырғасында, орта және жоғарғы оқу орындарында да міндетті әрі тұрақты жүргізіп насихаттап отырса қандай құптарлық іс болып, нұр үстіне нұр болар еді.

Өзіңіз туралы айтсаңыз (қай жердің тумасысыз, еңбек жолыңызды қашан, қайдан бастадыңыз, мемлекеттік қызметтегі еңбегіңіз еленді ме, мемлекеттік қызметке жанұяңыздың көзқарасы қандай?)

Мен Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Арал төбе елді мекенінде
1963 жылдың 2-қаңтарында дүниеге келдім. 1969 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1979 жылы Жезқазған қаласындағы № 8 қазақ орта мектебін аяқтадым. Жезқазған педагогикалық институтын және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірдім. Мамандықтарым бойынша жалпы техникалық пәндер мұғалімі және электр байланыс инженерімін. Алғашқы еңбек жолымды мектеп жанындағы интернатта тәрбиешіліктен бастадым. Министрлікке қызметке келгенше сол кездегі Жезқазған облысында ағарту саласында, облыстың жергілікті атқарушы органында және Астана қаласында еңбек еттім. Институттың күндізгі бөлімінде оқығаным және әскер қатарындағы мерзімді (қысқа) азаматтық борышымды өтеген жылдарды қоса есептегенде жалпы еңбек өтілім қырық бес жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте жиырма жеті жыл, қазіргі ұжым Министрлікте еңбек етіп жатқаныма жиырма жыл.

Мемлекеттік қызметтегі еңбегім мынадай марапаттармен аталып өтілді:

«Құрметті байланысшы» атағымен;

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалімен және әртүрлі қызмет еткен Министрліктердің және Байланыс саласындағы өңірлік достастық атқарушы комитеті Кеңесінің төрағасы – Ресей Федерациясы Байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталдым.

Мемлекеттік қызмет үлкен мәртебе деп білемін. Қоғам алдындағы бедел деп түсінемін. Әрине, отбасым менің мемлекетте қызметте еңбек ететіндігіме оң көзқараста, мені мақтан тұтады.

Сіздің жалпы еңбек өтіліңіз 40 жылдың үстінде, оның ішінде мемлекеттік қызметте әрі телекоммуникация, байланыс саласында жүргеніңізге 20 жылдан да асты. Тәжірибелі қызметкер, өз ісінің маманы ретінде айтсаңыз. Мемлекеттік қызметші қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? Мемлекеттік қызметте мамандардың мансаптық өсуіне кедергі келтіретін қандай әттеген-ай бар?

Иә, уақыт өз орнында тұрмайды. Жаңарған дүние, қаншама жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Бір ғана мысал, бұдан отыз жылдай бұрын ұялы байланыс ешкімнің ойына да кіріп шықпаған дүниелер еді, ал қазір күнделікті тірлігімізді ұялы байланыс, интернетсіз елестету тіпті мүмкін емес. Бүгінде мемлекетіміздің, министрліктің алға қойып отырған негізгі басты міндеттері жаңа байланыс технологияларын енгізе отырып, қала мен ауыл арасындағы теңсіздіктерді жою. Бұл бағытта жылда қаншама игілікті іс-шаралар атқарылуда. «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы және тұрғындар саны 250-ден асатын ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобалары аясында тағыда басқа қыруар жұмыстар атқарылуда.

Кез келген адам қай салада еңбек етпесін, білім алмасын, ғұлама ғалым Қ.И. Сәтбаев айтқандай: «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ жеңіске жетесіз».

Мемлекеттік қызмет абыройлы міндет, қоғамның артқан сенімі. Мемлекеттік қызметте өз саласының маманы болу, адамгершілік, ұқыптылық әріптестеріңмен тығыз қарым-қатынаста болып сыйласу, әр кез қол ұшын беруге талпыну басты міндет. Мемлекеттік қызметте болу – еліңе, отаныңа қызмет ету, қоғамның айнасы болу. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте мансаптық өсуге кедергі жоқ, ол үшін тапсырылған міндеттерді адал уақытылы, сапалы атқарып, жаңашыл болғандары дұрыс.

Осы сәтті пайдалана отырып, Министрліктің барлық қызметерлерін сонымен қатар, ер-азаматтарды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бар жақсылықтарды тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбіт заман болсын. Мерекелеріңізбен!

Ғарифолла Кәкманұлы алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға көп рахмет!

Сізді де мерекемен құттықтаймын!  Сізге мықты денсаулық, жанұяңызға амандық тілеймін!

 

 

                                                                                      Сұхбаттасқан:

Жансая Қаршығақызы Молдағалиева

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

 инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

                                                                        министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

06 октября 2023
Министрлікте «Қазтест» сынағы өтті

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Тіл саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілінің қатысуымен Министрлік қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті.

Диагностикалық тестілеуге Министрліктің 70 қызметкері қатысты. Тестілеу нәтижелері мынадай:

базалық деңгей (А2) – 4 қызметкер (6 %)

орта деңгей (В1) – 15 қызметкер (21 %)

ортадан жоғары деңгей (В2) – 41 қызметкер (58 %)

жоғары деңгей (С-1) – 10 қызметкер (14 %)

2022 жылмен салыстырғанда, ортадан жоғары деңгейді меңгергендердің 15,7 %-ға артып, қарапайым, базалық және орта деңгейлердің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерінің өскенінің көрсеткіші болып табылады.

Сонымен қатар, 11 қызметкерде қазақ ресми тест сертификаты (жарамдылық мерзімі – 1 жыл), 10 қызметкерде қазтест сертификаты (жарамдылық мерзімі – 2, 3 жыл) бар. Олардың нәтижесі мынадай болды:

орта деңгей (В1) – 13 қызметкер

ортадан жоғары деңгей (В2) – 6 қызметкер

жоғары деңгей (С-1) – 2 қызметкер.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жүйелі жүргізілетін болады.

26 сентября 2023
«Мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық»

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде а.ж. 22 қыркүйегінде Министрліктің мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп саласындағы талаптарын сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу туралы 2023 жылға арналған жұмыс жоспары аясында «Мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық»  тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға Министрлікке қарасты комитеттер мен департарменттердің қызметкерлері қатысып, семинарды  М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң  университетінің стратегия және HR  бойынша  Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова жүргізді.

Семинарда жай басшылықтан көшбасшылықтың, жай көшбасшылықтан этикалық көшбасшылықтың айырмашылығы, мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылықтың маңыздылығы талқыға салынды.

 Айнұр Бағдатқызының айтуынша, мемлекеттік аппараттың сапалы әрі тиімді жұмысы ең әуелі басқару жүйесінде қызмет ететін мамандарға байланысты. Осы тұрғыдан алғанда олардың бойындағы көшбасшыға тән қасиеттерді дамыту маңызды саналады. Мемлекеттік қызметтегі азаматтар тікелей қызметтеріне байланысты алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда күнделікті өмірде елене бермейтін адами  және этикалық құндылықтарды ескере отырып, жай ғана көшбасшы болу емес, шешім қабылдауда үлкен жауапкершілікті сезіне отырып шешім қабылдауы керектігі айтылды.

Өйткені мемлекеттік қызметкердің шешімі халықтың келешегіне ықпал ету мүмкін.

Сондай-ақ, семинар спикері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша CHI-2022 рейтингісіне және Қазақстанда 2022 жылы құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмысының түрлеріне тоқталды.

Семинараға қатысушылар пікір алмасып, мемлекеттік қызметке қатысты ойларын ортаға салды.

Айнұр Бағдатқызына бүгінгі таңдағы өзекті мәселе қоғамға үлгі болатын мемлекеттік қызметші – әділдік, ашықтық, адалдық, адамшылық, тәртіптілік, моральдық-адамгершілік тұрғыдан орнықтылық тәрізді қасиеттерге ие тұлға болуына ықпал тиетін тақырыппен бөліскені үшін үлкен алғыс айтамыз.

19 сентября 2023
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Министрлікте «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Министрлік қызметкерлері, тіл жанашырлары, қазақ тілінің оқытушылары қатысты.

Қазақ тілінің мәртебесі мен оның мемлекеттік органда қолданылу аясы туралы сөз қозғалды. Қызметкерлер арасында «Өлеңмен өріп ойымды»,
«Сөз байлығың – өз байлығың», «Артық болмас білгенің» атты сұрақ-жауап түрінде сайыс өткізіліп, қызметкерлер қазақ тіліне деген құрметтерін өлең шумақтары арқылы білдірді. Сондай-ақ өз ой-пікірлерімен бөлісіп, аталған
іс-шараға жылы лебіздерін айтты. Қазақ тілінің аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін 15 мемлекеттік қызметші Аппарат басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Социальные сети
Меню подвал