
Экономиканың дамуы жұмыспен қамту мен халықтың табысының өсуімен қатар жүреді. 2026 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның 3 780-і тұрақты, тағы 5 367-сі уақытша.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі бір жыл бұрынғы 5,1%-ға қарағанда 5%-ға дейін төмендеді.
Орташа айлық жалақы 6,2%-ға артып, 660 мың теңгеге жуықтады. 2025 жылдың осы кезеңінде шамамен 622 мың теңгені құрады.