Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданы тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Облыс әкімінің қабылдауына келген бейнеуліктер жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, білім беру, жерге кезекке тұру, әлеуметтік көмек, қоғамдық мәселелер және басқа да маңызды тақырыптарды көтерді.
Нұрдәулет Қилыбай барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселені заң аясында шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі