«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 69 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, облыстық жер комиссиясы отырысының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы №02-05/8 хаттамасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Мұнайлы және Қарақия аудандарының жерінен «Жаңаөзен-Ақтау» магистральды газ құбырының 4-ші желісі магистральды газ құбыры құрылысы үшін жобалау жұмыстарын жүргізу мақсатында жер учаскелерін меншік иелерінен алып қоймастан жалпы көлемі 594,3991 гектар жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі

 

 

С. Трұмов

Приложение к постановлению
Дата публикации
14 февраля 2020