Төлепберген Әбдірашев атындағы оркестр 91-ші маусымын Малердің симфониясымен ашты

Төлепберген Әбдірашев атындағы оркестр 91-ші маусымын Малердің симфониясымен ашты

Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі 91-ші концерт маусымын Густав Малердің №2 до минор «Қайта тірілу» симфониясымен ашты.

Оркестрмен бірге Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы өнер көрсетті. Оркестрге оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қанат Омаров жетекшілік етті.

«Қайта тірілу» – әлемдік симфониялық классиканың ең көлемді әрі күрделі туындыларының бірі. Бес бөлімнен тұратын шығармада оркестр, хор мен солистер үндесіп, өмір, үміт пен рухани жаңғыру тақырыптары қозғалады.

Хор партиялары капелланың көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Бейімбет Демеуовтің жетекшілігімен дайындалды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі