Қазақстан ТМД елдерінің отырысында архив ісін дамыту тәжірибесін таныстырды

Қазақстан ТМД елдерінің отырысында архив ісін дамыту тәжірибесін таныстырды

Минскіде ТМД-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметтері басшылары консультативтік кеңесінің XXII отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапы еліміздегі архив ісін дамытудың негізгі бағыттары мен осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Сонымен қатар «Сохранность национальных архивных фондов: практика и перспективы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының сақтау жұмыстары туралы баяндама жасалды.

Қатысушылар архив қорларын сақтау, заманауи технологияларды енгізу және құжаттарды пайдалану мүмкіндігін кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен электрондық қызметтерді дамыту, архив құжаттарын есепке алу, сақтау және пайдалану тәсілдерін жетілдіру жайы сөз болды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі