
Жезқазғанда «Азаматтық қоғам және партиялар. Өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іздеу жолында» тақырыбында Sarap сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті. Іс-шараны Қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Жиынға сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Отырыста саяси реформалар жағдайында азаматтық қоғамның маңызы, қоғамдық институттар мен саяси партиялардың серіктестігін нығайту, азаматтардың белсенділігі мен сайлау мәдениетін дамыту, сондай-ақ елдегі сенім деңгейін күшейту мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысында сарапшылар мемлекет, саяси партиялар және азаматтық қоғам институттарының бірлескен жұмысы саяси мәдениетті дамытуға, қоғам сенімін арттыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге негіз болатынын атап өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі