Қазақстан ШЫҰ-ның III Жастар туристік форумы мен Жастар кеңесінің XIX отырысына қатысты

Қазақстан ШЫҰ-ның III Жастар туристік форумы мен Жастар кеңесінің XIX отырысына қатысты

Қазақстан делегациясы Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының III Жастар туристік форумы мен Жастар кеңесінің XIX отырысына қатысты. Іс-шаралар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін бір алаңға жинап, жастар ынтымақтастығы мен туризм саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.

Форум барысында туризмді дамытудың жаңа бағыттары, саланы цифрландыру, гид мамандарды оқыту, жастардың туристік бастамалары мен кәсіпкерлігін қолдау және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.

Іс-шара аясында Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тәжірибесі, жастар туризмін дамытудағы жобалармен бірге, жас буынды мәдени, білім беру және туристік жобаларға кеңінен тартуға бағытталған бастамалар таныстырылды.

Форум ШЫҰ-ға мүше елдердің жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналған Жастар кеңесінің XIX отырысымен аяқталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі