Құрманғазы оркестрі Ұлттық домбыра күніне арналған концертімен 92-маусымын аяқтады

Құрманғазы оркестрі Ұлттық домбыра күніне арналған концертімен 92-маусымын аяқтады

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Ұлттық домбыра күніне арналған концертімен 92-ші концерт маусымын аяқтады.

Қорытынды кеште қазақтың халық күйлері мен әндері және ұлттық музыка өнерінің алтын қорына енген шығармалар орындалды.

Сахнада Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай, Жайна Бауыржанқызы, Нұрсұлтан Өтеген және Сабира Бибатырова өнер көрсетті.

Оркестрге бас дирижер, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын және халықаралық әрі республикалық байқаулардың лауреаты Нарын Қажғали жетекшілік етті.

92-ші концерт маусымында оркестр тың концерттік бағдарламалар мен гастроль ұйымдастырып қана қоймай, республикалық және халықаралық мәдени жобаларға белсене қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі