
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Оман Сұлтандығының Ұлттық құжаттар және архивтер басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рүстам Әли, Оман Сұлтандығының Ұлттық құжаттар және архивтер басқармасының төрағасы доктор Хамад бин Мұхаммад әл-Дуайни, сондай-ақ екі елдің архив саласының өкілдері қатысты.
Құжат архив ісі мен құжаттаманы басқару бағытындағы әріптестікті нығайтуға арналған. Меморандум аясында ғылыми зерттеулермен, басылымдармен және архив құжаттарының көшірмелерімен алмасу, сондай-ақ архив материалдарын сақтау, қалпына келтіру және зерттеу мәселелеріне арналған бірлескен іс-шаралар өткізу көзделген.
Кездесу барысында Оман Сұлтандығының делегациясы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қызметімен, мекемедегі құжаттарды қалпына келтіру және цифрландыру бағытындағы жұмыстармен танысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі