Астанада Мемлекеттік рәміздер күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды

Астанада Мемлекеттік рәміздер күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды

Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналарына құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева қатысты.

Мереке күні Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан жас аналарға құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Іс-шараның мақсаты – рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі