Астанада JASTAR X диалог алаңында жаңа Конституция мен жастардың рөлі талқыланды

Астанада JASTAR X диалог алаңында жаңа Конституция мен жастардың рөлі талқыланды

Астанада ғылым және білім саласындағы адам құқықтарының конституциялық кепілдіктерін талқылауға арналған «JASTAR X» диалог алаңы өтті. Іс-шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Жиынға сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері мен жастар қатысып, ғылым және білім саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін, академиялық ортаны дамытудағы конституциялық тетіктердің рөлін, тақырып аясындағы өзекті мәселелер мен алдағы даму бағыттарын талқылады.

Қатысушылар жаңа Конституцияда алғаш рет білім мен ғылымға негізделген құндылықтар мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар құжатта ғылыми шығармашылық еркіндікке және білім алуға тең мүмкіндік беру қағидаттарына қатысты кепілдіктердің күшейтілгені айтылды.

Кездесу барысында «Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасындағы жастардың білімге көзқарасы, жасанды интеллектке қызығушылығы және қазіргі буынның құндылықтары жөніндегі негізгі тұжырымдар таныстырылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі