Тарихшы Марат Хасанаевтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Тарихшы Марат Хасанаевтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Орталық мемлекеттік архивте тарихшы, архивтанушы әрі қоғам қайраткері Марат Хасанаевтың 80 жылдығына орай «Хасанаев оқулары – 2026» II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Басқосуда Қазақстандағы архив ісін дамыту мәселелері мен ғалымның ғылыми мұрасын зерттеу және насихаттау бағыттары талқыланды.

Конференцияға архив саласының мамандары, ғалымдар, зерттеушілер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиын барысында Марат Хасанаевтың архив ісінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі және ғылыми мұрасы кеңінен сөз болды.

Іс-шара аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, онда 1935-2004 жылдар аралығын қамтитын қолжазбалары, өмірбаяндық және қызметтік құжаттары, хаттары, мақалалары мен фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Марат Хасанаев – Қазақстан тарихы мен архив ісінің мәселелеріне қатысты 200-ге жуық ғылыми еңбек, мақала және баяндаманың авторы.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі