
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Татулық – ел тұтастығының кепілі» атты іс-шара өтті. Жиын этносаралық келісімді, қоғам бірлігін нығайтуға және татулықты дәріптеуге бағытталды.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық келісімнің маңызы, мәдени мұраны сақтау және жас ұрпаққа ел бірлігінің мәнін ұғындыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, елімізде тұратын этностардың тарихи-мәдени мұрасы мен дәстүріне арналған «Қазақстан халықтарының мәдениеті» атты көрме ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі