
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында Қазақстан мен Әзербайжан арасында азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Басқосуға Әзербайжанның үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау агенттігінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің мамандары қатысты. Кездесудің мақсаты – орталықтың жұмысымен танысып, өзара тәжірибе бөлісу.
Жиын барысында мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын күшейту және екі ел арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері сөз болды.
Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді. Алдағы уақытта ортақ бастамаларды қолға алып, тәжірибе алмасуды жалғастырып, бірлескен іс-шараларды өткізу көзделіп отыр.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі