Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында елімізде «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр. Бастама волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Апталық аясында республика көлемінде әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында экологиялық акция өтіп, волонтерлер аумақтарды қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

«Мейірімділік апталығына» елордалық жастар да белсенді қатысып келеді. «Астана жастары» волонтерлері қаңғыбас жануарларға арналған панажайға арнайы барып, қоршауларды тазалауға, қараусыз қалған иттерге күтім жасауға атсалысты.

«Мейірімділік апталығына» әрбір азамат қатысып, игі іске өз үлесін қоса алады.

#МарафонДобрыхДел2026, #ИгіІстерМарафоны2026 және #MarathonOfGoodDeeds2026.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі