Алматыда Шөмішбай Сариевтің шығармашылық мұрасына арналған кеш өтті

Алматыда Шөмішбай Сариевтің шығармашылық мұрасына арналған кеш өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевке арналған «Өмірін өлеңмен өрнектеген тұлға» атты еске алу кеші өтті.

Іс-шараға Жазушылар одағының мүшелері, мәдениет және өнер қайраткерлері мен ақынның туыстары қатысты.

Кездесу барысында ақынның өмір жолы мен ұлттық рухани мәдениеттің бір бөлігіне айналған шығармашылық мұрасы таныстырылды. Қатысушылар Шөмішбай Сариевтің өзіндік авторлық стилін, поэзиясының тереңдігін және қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, жиналғандар оның әдебиеттану саласындағы зерттеулері мен аудармашылық қызметін талқылап, сол арқылы әлемдік классикалық шығармалардың бірқатары қазақ тілінде жарық көргенін айтты.

Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін бейнелейтін фотокөрме ұйымдастырылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі