Астанада өңірлік Жастар ресурстық орталықтарының жетекшілеріне арналған оқыту тренингтері басталды

Астанада өңірлік Жастар ресурстық орталықтарының жетекшілеріне арналған оқыту тренингтері басталды

Астанадағы «Қазмедиа орталығында» ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өңірлік Жастар ресурстық орталықтарының басшылары үшін «Кәсіби даму академиясы» жобасы аясында оқыту семинар-тренингі басталды.

Жастар саясаты саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шара «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтуде.

Оқыту бағдарламасы көшбасшылық және басқарушылық дағдыларды дамытуға, заманауи цифрлық құралдарды, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын меңгеруге, сондай-ақ дағдарыстық коммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Үш күндік семинар барысында қатысушылар медиа және жасанды интеллект саласындағы сарапшылардан практикалық білім алып, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әлеуметтік желілермен жұмыс ерекшеліктері және мобилография негіздерін меңгереді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, онда жасөспірімдер мен жастарға ақпараттық-консультациялық, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

«Кәсіби даму академиясы» жобасы 2021 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жоба жастармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін жүйелі түрде жетілдіруге ықпал етіп, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігін арттыруға маңызды үлес қосып келеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі