Жыл басы: Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды

Жыл басы: Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды

22 наурыз – Жыл басы.  Бұл – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Күн мен түн теңеліп, табиғат оянып, тіршілік қайта түлейтін кезең. Наурызнама бойынша бұл күн күнтізбенің бастауы, сондықтан Жыл басы саналады.

Мейрамға орай республикалық мәдениет ұйымдары бірқатар іс-шаралар ұйымдастырмақ. Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде жасанды интеллект қолданылатын «Ақылды Наурыз» атты интерактивті көрме өтеді. Мәдениеттерді жақындастыру орталығында «22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» атты ашық есік күні жоспарланған, ал Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Қош келдің, Әз-Наурыз» концерті өтеді.

Астанада негізгі мерекелік іс-шаралар EXPO аумағында, «Қазақ Елі» монументі маңында, қалалық алаңда және қаланың өзге де аудандарында ұйымдастырылады. Мұнда концерттер, жәрмеңкелер, этномәдени бағдарламалар мен ұлттық ойындар ұсынылады. Алматыда қаланың орталық алаңдарында ауқымды мерекелік концерттер, қойылымдар және көпшілікке арналған іс-шаралар жоспарланған. Шымкентте басты сахналарда шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар көрсетіледі, ал өңірлерде этноауылдар, фестивальдер, көрмелер, гастрономиялық алаңдар ұйымдастырылады.

Жыл басы – ел бірлігі мен ұлттық құндылықтар насихатталатын, халықты ынтымаққа шақыратын маңызды тарихи мейрам.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі