
Ақмола облысында жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа және азаматтық ұстаным» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шара Қазақстан Азаматтық альянсының «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» атты гранттық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың маңызы, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері және жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ құқықтық мәдениетті дамыту және жастарды қоғамдық үдерістерге кеңінен тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында «Жастардың азаматтық ұстанымы: құқық, жауапкершілік және бастама» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша ой бөлісіп, азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі