ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітап және жасанды интеллект» атты дөңгелек үстел өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітап және жасанды интеллект» атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Әке мен бала» клубы аясында «Кітап және жасанды интеллект» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мектеп директорлары, тарихшылар, ата-аналар, балалар, ұстаздар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Аталмыш жиын кітап оқудың маңызын жасанды интеллект мүмкіндіктерімен ұштастыра отырып, әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту және балалардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Отырыс барысында қатысушылар кітап пен жасанды интеллектің білім беру саласындағы рөлі, әкенің бала тәрбиесіндегі орны және отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда бірлесіп оқудың маңызы туралы пікір алмасты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі