
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті.
Жиынға жазушылар мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері қатысты.
Талқылау барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары, жаңа Конституция жобасындағы қоғам мен шығармашылық қауымдастыққа қатысты нормалар, сондай-ақ азаматтық институттардың рөлі жөнінде пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі